Азамат Бектасов – Жамбыл ауданының әкімі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті енді Азамат Бектасов атқаратын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Азамат Бектасов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Азамат Бауыржанұлы 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірді. 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Азамат Бектасов еңбек жолын 2011-2013 жылдар аралығында Есіл ауданы Покровка ауылындағы білім беру мекемесінде оқытушысы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың маусымынан — СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қазан айынан – СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
2017 жылғы мамырдан бастап – СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың қыркүйегінен-Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап — «СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»КММ басшысының орынбасары.
2021 жылдың маусымынан бүгінгі уақытқа дейін СҚО бойынша экология департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz