Өңір спортшылары марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Ұлттық олимпиадалық комитеттің  құрылғанына 33 жыл толды.  Осыған орай, Петропавлда салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен  Ұлттық олимпиадалық комитеті бас хатшысының орынбасары Серік  Сәпиев қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.  

Ұлттық Олипиадалық комитет 1990 жылы құрылған. 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.

— Біз биыл ұлттық олимпиадалық комитеттің 33 жылдығын атап өтудеміз. Шара  аясында еліміздің барлық өңірін аралау өзделген.  Аға буын ардагерлерімізді, спортшыларымызды және осы саланың дамуына  үлес қосқан азаматтарды Алғыс хат, медальдармен марапаттаудамыз. Осы кездесуді ұйымдастырған облыстық әкімдік мамандарына  ерекше алғысымды білдіремін. Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын, — деді Ұлттық олимпиадалық комитет бас хатшысының орынбасары Серік  Сәпиев.

Қазіргі уақытта  Қазақстан құрамасында  420-ға жуық жоғары санатты солтүстікқазақстандық спортшы бар. Жыл басынан бері олар Азия, әлем чемпионаттарында, халықаралық және республикалық турнирлерде 630-дан астам түрлі дәрежедегі медаль жеңіп алды.

— Біздің облыста спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Әсіресе, балалар спортын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде облыс халқының 42 пайызы спортпен шұғылданады. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр, — деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Сурдлимпиаданың чемпионы Фархад Қыстаубаевқа алғыс хат пен пәтер кілтін табыс етті.

Салтанатты кеште алғашқылардың бірі болып Аманғали Бекболатов марапатталды. Спортшы өңір басшысының Алғыс хатына және естелік сыйлығына ие болды. Айта кетейік, Аманғали Нұрболатұлы Әзербайжанда әскерилер арасында өткен грек-рим күресінің чемпионы атанған.

— Әлем Біріншілігі Әзербайжан астанасы —  Баку қаласында өтті. 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеттім. Сөйтіп, әскерилер арасында әлем чемпионы болдым. Алда Қазақстан, Азия Біріншілігі, Олимпиада сындары күтіп тұр. Оларға тыңғылықты дайындықпен қатысуды мақсат тұтудамыз», — деді Аманғали Бекболатов.

Бүгіндері облыста спортта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген  100-ден астам спортшыға қаржылық қолдау көрсетілетінін ата кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz