Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елордада ел Президенті атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты республикалық шырша мерекесі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам бала жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат табыс етілді.

— Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!, — деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.

Балалармен бірге шырша шамын жағуға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

— Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де барды деп естіп отырмын. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақты өткізулеріңіз үшін аянбай барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер, — деді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен бірге, Ғани Бейсембаев балаларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атынан сыйлықтарды табыс етті. Рюкзак ішінде Президенттің құттықтау ашықхаты, планшет, тәттілер және энциклопедиялық кітаптар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz