«Астана – Петропавл» тас жолында бірнеше көліктің соқтығысуынан көлік кептілісі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда «Астана – Петропавл» тас жолының бойында Жасыл ауылы маңында болған.
— Алдына ала анықталған мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10-ға жуық көліктің соқтығысуынан болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, көліктерге механикалық зақым келді, – деді ведомствода.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райы жайсыз болған күндері арнайы ескертулерге құлақ асуға, жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ белгілі жылдамдық режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.