Мереке күндері облыстық жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, өңір тұрғындарынан «103» пультіне 2 мыңға жуық қоңырау түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО жедел жәрдем қызметі орталығының ақпаратына сәйкес, мереке күндері дәрігерлердің жұмысы қыза түседі. Облыс тұрғындары демалыс уақытында емханаларға бармай, көбіне «103» қызметі арқылы мамандарды шақыртады.
– Жұмыс күндері «103» пультіне орта есеппен 400 шақырту түссе, мерекеде олардың саны күрт артады. Сол себепті жедел жәрдем қызметіне қосымша медициналық бригадалар тартылып жұмыс істейді. Тұрғындар көбіне асқазан жұмысының бұзылуы, спирттік ішімдікті көп ішу, жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына байланысты қоңырау шалып, көмек сұрайды, – дейді СҚО медициналық жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног.