Еліміздің шипажайларына 969 адам ем алуға жіберіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы өңірдегі мүгедектігі бар 952 адам денсаулығын жақсарту мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде шоғырланған шипажайларға тегін жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, былтыр санаторлық-курорттық ем алу мақсатында 1 мыңға жуық адамға 200 млн.  теңге қаржы жұмсалды.

– Шипажайларға жіберілген азаматтар – мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл адамдар 2021 жылы қосылған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту қызметтері мен құралдарын бүгінде өздері таңдап ала алады. Ол үшін қызмет алушының үйінде интернеті және электронды-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.  Сол сияқты шипажайды да, баратын күнін өзі таңдап, өтініш қалдырады. Тек қандай да бір өзгеріс болып, белгіленген күнге бара алмай жатса, үш күн бұрын ескертуі керек.  Тұрғындар Қазақстанның кез-келген өңіріндегі шипажайды таңдап, бара алады, — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар адамдарды оңалту бөлімінің бас маманы Иван Ржевский.

Маманның айтуынша, биыл бюджеттен осы мақсатқа 242 млн.  теңге бөлінген. 969 адам санаторлық-курорттық ем алуға жіберілмек.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz