Қаңтардың 1-і мен 3-і күндері аралығында Петропавлдағы травматологиялық орталыққа 211 адам жүгінді. Көктайғақтың кесірінен жарақат алған 12 қала тұрғыны аурухана жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық көпсалалы аурухана мамандарының мәліметінше, дәрігерлердің көмегіне жүгінген 211 науқастың 95-сі көшеде құлап жарақат алғандар.
– Құбылмалы ауа райына байланысты күндіз еріген қар, кешке қарай мұзға айналады. Салдарынан жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру қиынға соғады. Бүгінгі күні көшеде құлап жарақаттанған 95 тұрғынның 12-сі бірден ауруханаға жеткізілді. Қалғандары стационарлық түрде қашықтан емделеді, — дейді қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.