Өткен жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы Петропавлдағы «ЗИКСТО» зауытымен 150 вагон шығаруға келсімшарт жасасты. Бүгіндері 94-і «Маңғыстау – Атырау», «Ақтөбе – Атырау» және «Павлодар – Түркістан» бағыттары бойынша қатынап жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы петропавлдық зауыт құрастырған вагондар 13,5 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған.
– Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие бағыттар: «Астана – Алматы», «Астана – Шымкент», «Алматы – Шымкент», «Астана – Семей», «Алматы – Семей». Биыл «ЗИКСТО» зауытымен құрастырылған 56 вагон қолданысқа енбек, — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі