Әлеуметтік желіде қаладағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалімнің 14 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Сотқа дейінгі тергеу 28 жастағы ер адамның 14 жастағы кәмелетке толмаған бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түскендігін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Аталған факті Қылмыстық Кодекстің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», — делінген облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — дейді баспасөз қызмет