«Qyzyljar» футбол клубы өткен маусымда өнер көрсеткен 8 аяқдопшымен қоштасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Есетіріңізге салсақ, футболдан ел біріншілігіне әр команда сапынан 25 ойыншы ұсынылады. Биыл жаңа маусым қарсаңында клубтан Еркін Тапалов, Максим Чиканчи, Юрий Бушман, Роман Степанов, Никита Наумов, Младен Веселинович, Пабло Подио мен Дарко Булатович кетті.
– Жаңа маусымға дайындықты командамыз Түркияның Белек қаласында бастайды. Қаңтар 10-ы күні алғашқы оқу-жаттығулар жиыны өтеді. Ақпан айының соңына дейін созылатын дайындық барысында өзге клубтардың ойыншылары қаралады. Нәтижесінде команда жасақталады, — дейді «Qyzyljar» футбол клубының баспасөз қызметі.