СҚО полицейлері азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жаңажылдық мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың бір фактісі тіркелді. Алдау схемасы әлеуметтік желіде тауар сату бойынша жалған хабарландыру орналастыруға негізделген. Салдарынан жәбірленуші 56 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазір полицейлер қылмыскерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Демалыс және мереке күндері желілік алаяқтар, әдетте, жоғары белсенділік танытады.

Полицейлердің түсіндіру және алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, өткен жылы облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 771 фактісі тіркелген. Аталған санаттағы 120-дан астам іс сотқа жіберілді. Солтүстікқазақстандық полицейлердің халықпен жүргізген профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде 825 адам алаяқтардың талаптарын орындаудан бас тартып, сәтсіз алдау әрекеті туралы полицияға хабарлаған.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына қатысты қолданылатын ең кең таралған интернет-алаяқтық схемаларының бірі – телефон қоңырауы; киберқылмыскерлер банк қызметкерлері болып көрініп, белгісіз адамдар несиені рәсімдеуге тырысуда деп хабарлайды.

Өткен жылы облыс орталығының 327 тұрғыны желілік алаяқтардың құрбаны болды. Жалған хабарландыруларды пайдаланатын интернет-алаяқтардың амалына 123 қала тұрғыны тап болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz