Өткен жылдың тамыз айында Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығының саланып жатқан мұржасы қисайып, құрылысы тоқтатылған еді. Енді тиісті мамандар мұржа толығымен бөлшектеледі деген шешім шығарып отыр.. Осыған қарамастан «Севказэнерго» АҚ түтін мұржасын уақтылы тапсырамыз деп сендіруде, деп жазады Qyzyljarnews.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, түтін мұржасын тұрғызу жобасының авторы «Севказэнергопром» ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС ресми қорытындысын берді.
– Жылжымалы қалып жүйесін дұрыс орнату, оны монтаждау үшін қосалқы құрылымдарды салуға кететін уақыт пен еңбек шығындарын болдырмау, ең бастысы, магистральдың монтаждалған және салынған бөліктері арасындағы арматуралық шығарылымдарды сақтай отырып, темірбетон қабығының монтаждалған бөлігін іргетасқа дейін бөлшектеу қажет, — деп түсіндірді жобалау институтының бас директоры Владимир Пешков.
Құрылысқа жауапты «Қазтеплоспецстрой» ЖШС мұржасының негізгі бөлігін наурызға аяқтауды жоспарлап отыр.
– Біз «ТеплоХимМонтаж» компаниясымен бірлесіп, сәуірден бастап мұржаны тұрғызу жұмыстарын жалғастырамыз. 2024-2025 жылғы жылыту маусымына құбыр дайын болады, — дейді «Қазтеплоспецстрой» ЖШС бас директоры Константин Бигожин.