Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылуында еліміздің көк туын солтүстікқазақстандық Кристина Шумекова ұстап шығады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Санаулы күндерден кейін Оңтүстік Кореяда алауы тұтанатын қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің Көк Туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығады. Аталған спортшылар жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы жеңіске деген жігері үшін таңдалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Он сегіз жастағы Кристина Шумекова – конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Әлем Кубогының итальяндық кезеңінің күміс жүлдегері.

Он жеті жастағы Ерасыл Шыңғысхан – шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.

— Бұл – мен үшін өте әсерлі сәт. Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында Қазақстанды таныстыру – абыройлы міндет қана емес, үлкен жауапкершілік. Мен жарыс жолында бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Төрт жылдықтың басты додасына қатысатын әрқайсымыз Олимпиада медалін жеңіп алғымыз келеді және бұл Ойындар біздің осы мақсатқа жету жолындағы тамаша мүмкіндігіміз, — деді Кристина Шумекова.

Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтардадан 1 ақпанға дейін Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді. Азия құрлығында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарланған. 7 спорт түрінен (15 бағдарлама) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының 42 спортшысы 5 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz