ЖРВИ-ге шалдығудың 48 мыңнан астам фактісі тіркелген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар қатары артып келеді. Бүгінгі таңда жұқпалы ауруға душар болғандардың саны  48 мыңнан асады. Сондай-ақ «А» типті тұмаудың 1 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО-да эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Бүгіндері ЖРВИ жұқтырғандар саны өсті. Бір аптаның ішінде өңірде ЖРВИ-мен 2511 адам ауырған. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирустық инфекция жұқтырғандар көп. Ол 1456 жағдай немесе 58% пайызды құрап отыр.

— Облыста халықтың 11% тұмауға қарсы вакцинацияланды. Ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 000 дозасы сатып алынған. Екпе алғандардың басым бөлігі медицина қызметкерлері – 8794 адам,  4479 оқушы, 555 жүкті әйел, 23202 созылмалы ауруы бар адам, – деді СҚО санитарялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz