Өткен жылы учаскелік инспекторлардың қатысуымен 985 қылмыс ашылды, оның 403-і ұрлық. Оның ішінде 9 тонау дерегі, көлікті айдап әкетудің 17, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 73 фактісі бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Облысымызда 244 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 50 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Бүгіндері полицияда профилактикалық есепте 1051 адам тұр. Бір жыл ішінде учаскелік инспекторлар облыстың 42 тұрғынына қатысты материалдар жинады, олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың талаптарын қасақана бұзған. Олардың барлығы жазаларының қалған бөлігін өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.
2023 жылы учаскелік инспекторлар құрамында спирт бар 12154 литр өнімді тәркіледі, 219 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді.