СҚО-да учаскелік инспекторлардың көмегімен 985 қылмыстың беті ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы учаскелік инспекторлардың қатысуымен 985 қылмыс ашылды, оның 403-і ұрлық. Оның ішінде 9 тонау дерегі, көлікті айдап әкетудің 17, денсаулыққа қасақана зиян келтірудің 73 фактісі бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облысымызда 244 учаскелік полиция инспекторы мен олардың 50 көмекшісі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Бүгіндері  полицияда профилактикалық есепте 1051 адам тұр. Бір жыл ішінде учаскелік инспекторлар облыстың 42 тұрғынына қатысты материалдар жинады, олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың талаптарын қасақана бұзған. Олардың барлығы жазаларының қалған бөлігін өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

2023 жылы учаскелік инспекторлар  құрамында спирт бар 12154 литр өнімді тәркіледі, 219 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz