Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді. Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК — 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.

Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген.

Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың, егер отбасында 8 немесе одан да көп болса, әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz