Оқушыларды мектептерге тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында облыс орталығының шалғай орналасқан шағынаудандарынан балаларды мектептерге тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавлдағы  төрт мектепке кей оқушылар арнайы көлікпен қатынайды. Олар – № 4,12 орта мектептер, № 26 мектеп-балабақша және №27 мектепке тасымалданатын  100-ден астам оқушы. Оқушылар екі ауысыммен таңертеңгі және кешкі уақытта бекітілген кестеге сәйкес тасымалданады. Жүргізушілердің барлығы медициналық тексерістен өткен. Қоғамдық кеңес мүшелері енгізілетін өзгерістерді бірауыздан бекітті.

– Енгізілетін өзгерістер тек жол қозғалысы ережелеріне қатысты болмақ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген жол қозғалысына қатысты жаңа ережелерге байланысты көліктер арнайы дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар көліктің  сыртын   белгіленген   түске бояу керек, –деді  Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz