Жас өнертапқыштар көрмесі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда  облыстық техникалық шығармашылық көрме өтті. Дарынды ұл-қыздардың  қолынан шыққан зеңбірек, трактор, ұшақтар көрмені тамашалаушылардың көңілінен шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл көрмені ұйымдастырудың негізгі мақсаты – жастардың ғылыми-техникалық қабілетін дамыту, ынтасын арттыру. Өңір бойынша 130-дан астам өнертапқыш жастар қатысқан көрмеде  алпыстан астам туынды көрермен назарына ұсынылды. Оқушылардың біреуі қашықтықтан басқарылатын көлік құрастырса, екіншісі мопед жасаған. Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Родион Покатилов бір жыл бұрын достарымен бірге «Дружба» мопедін құрастырыпты. Кейбір бөлшегін велосипедтен, «Дружба» арасынан алыпты. Көлікте бес аттың күші бар. Өнертапқыштың айтуынша,  жанармай багының көлемі – 2 литр. Сынақтан өткізген кезде жылдамдығы сағатына 50 шақырымды көрсетіпті. Орындығын ағаштан жасап, қаптап қойыпты. Керек заттарды ұзақ уақыт жинаса да, әлі де жетілдіретін тұстары бар.

Өнертапқыштар жеті аталым  бойынша бақ сынады. Олар – «Ауыл шаруашылығы техникасы», «Әскери техника», «Суда жүзетін техника», «Әуе», «Жасыл» энергетика, энерготиімділік және энергоүнемдеу» және қиялына ерік бергендерге арналған «Бізді таңғалдыр» аталымы. Қазылар алқасы төл туындылардың арасынан  үздігін анықтау үшін сапасына мән берді.   Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының әдіскері Александр Надточийдің айтуынша, жұмыстың күрделілігі мен тиянақтылыққа баса назар аударылады. Сонымен қатар туынды жұмыс істейтін болуы керек. Әр аталым бойынша бірнеше жеңімпаз анықталып,  бағы жанған өнертапқыштар түрлі марапаттарға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz