Арнайы мекемелерде адам құқықтары жөніндегі мәселелер қаралды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері арнайы мекемелерде адам құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қарамағында 13 уақытша ұстау изоляторы, арнайы қабылдау орны және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орны бар. Техникалық жарақтандыру, медициналық-санитарлық жағдайларды сақтау және заңдылықты қатаң сақтау мәселелері полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында. Бұл мәселелер Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте қаралды. Оған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жанат Жұмабаев пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Санат Рамазанов қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі өкілі Жанат Жұмабаев ынтымақтастық тәжірибесіне оң баға беріп, қоғам белсенділері айтқан барлық ұсыныстар полиция жұмысында ескерілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz