Жыл басталғалы өңірде қызылшаны жұқтырудың 54 дерегі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылдан бері облыста 295 адам қызылшаны жұқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қызылшаны жұқтырудың 54 дерегі зертханалық жолмен расталды.

– Жалпы облыста қызылшаны жұқтырудың 295 фактісі тіркелді. Оның 251-і Петропавлға тиесілі. 12 жағдай – Есіл, 7-уі – М.Жұмабаев, 6-уы – Қызылжар және Мамлют аудандарында, 4 дерек Айыртау және Аққайың ауданында, 2 фактіден Жамбыл және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарында, 1 факті Тайыншада анықталды, – дейді эпидемиолог мамандар.

Дәрігерлердің сөзінше, қызылшаны алдын-алудың бірден-бір жолы – екпе алу. Бүгіндері вакцина туралы ақпаратты тұрғындар EGU.kz сайтынан немесе 7701 жедел желісі бойынша ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz