Ауған соғысы ардагерлеріне тиесілі пәтерлер берілмей жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауғанстанда соғысып, кеудесін оққа тосқан ардагерлерге пәтерлер берілмей отыр. Бұл мәселені «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Ерік Тәттібаев өңірге іссапармен келген Қазақстан халық партиясы  депутаттарына қынжыла жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Ерік Тәттібаевтың айтуынша, үш жылдан бері ауған соғысының ардагерлеріне  уәде етілген баспаналардың кілттері тапсырылмаған.

— Біздің ардагерлерге 6 пәтер беріледі деп айтылды. Әлі күнге баспаналардың кілті ұшты-күйлі жоқ. Берген уәденің сөз жүзінде қалғаны жанға батады. Соғыс ардагерлерінің көбі  арман еткен үйлеріне қол жеткізе алмай өмірден өтіп жатыр. Қашанға дейін күтуге болады?, – дейді Ерік  Тәттібаев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пәтер мәселесі ел аумағында өте өзекті екенін тілге тиек етті.

— Біз ардагерлер туралы заңды шығару сұрағын көтердік. Мұндай өзекті мәселелер шешілуі керек. Сіздің сауалыңызды парламентте көтереміз, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова.

Биыл  кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толады. Жат жерде бір жарым мыңнан астам солтүстікқазақстандық интернационалдық борышын өтеді. Оның 46-сы елге оралмады, 687 жауынгер түрлі аурудан қайтыс болған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz