«Қызылжар» футбол клубы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қызылжар» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында жерлестеріміз өзбекстандық «Навбахор» командасымен ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар» клубының оқу-жаттығу жиыны 2 кезеңнен тұрмақ. Алғашқысын жерлестеріміз Түркияның  Белек қаласында өткізуде. Жаңа маусымға дайындық аясында солтүстікқазақстандық аяқдопшылар 6 жолдастық матч ойнайды.

Бірінші кездесуді теріскейліктер өзбекстандық «Навбахор» клубына қарсы өткізді. Ойын нәтижесі бойынша жерлестеріміз қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Алдағы уақытта «Қызылжар» ойыншылары Венгрияның «Ньиредьгаза Спартакус», косовалық «Дукаджини» және «Гжилани» командаларымен кездеседі. Кейін қызылжарлықтар словакиялық «Михайловице» және польшалық «Лехия Гданьск» клубытарына қарсы ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz