Петропавлдағы колледждің бірінде алкогольдік ішімдік ішкен жастар арасында жанжал туындады. Салдарынан бірі екіншісіне пышақ сұғып жарақаттаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға колледждің жатақханасында орын алды. Спирттік сусындар ішкен студенттер сөзге келіспей, арты жанжалға ұласты. Салдарынан 17 жастағы студент пышақ жарақатын алды. Қазіргі кезде аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
— Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығындағы колледждердің бірінің студенттері арасында болған төбелестің мән-жайын анықтап жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.