«ПАМЗ» АҚ-ның мамандары Қытайда білімдерін жетілдірмек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Арман Құлмағамбетов Қытайға іссапармен барып, мұнай-газ саласына қажетті құрал-жабдықтарды жасап шығару бойынша әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесуде петропавлдық зауыт мамандарын аспан астын елінде оқыту жөнінде де айтылды. Екі тарап қытайлық әріптестер есебінен инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыру бойынша уағдаласты.

– Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайда болды. Мемлекет басшысы шетелдік әріптестерімен сауда-экономикалық, мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, қаржы, көлік-транзит салаларында, білім мен ғылымда жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Енді міне, біз қытайлықтармен келісіп, мамандарды оқуға осы елге жіберетін болдық, — дейді Арман Құлмағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz