Қазақ күйі — Үндістан төрінде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістері Үндістанға гастрольдік сапарымен барып қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«LAKSHMINARAYANA» фестивалі аясында өткен гастрольдік сапарда жерлестеріміз Дели, Мумбаи, Майсур және Бангалор қаласында болып, екі сағаттық концерттік бағдарламаларын ұсынды. Солтүстікқазақстандық филармония әртістерімен бірге астаналық камералық хор өнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салды.

Мәдени сапар кезінде Ақан сері атындағы облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі үндістандық әріптестерімен бір сахнада өнер көрсетіп, ұлттық музыкалық туындылармен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

– Филармониямыздан 35 әртісіміз Үндістанға барып қайтты. Жерлестеріміз ұлттық сарындағы музыкалық туындыларды орындады. Екі сағаттық бағдарламада біздің ұжым халқымыздың ән-күйлерін сахна төрінде шырқады. Гастрольдік сапардың соңғы күнінде Мумбаи қаласында болды. Бұл шаһарда симфониялық оркестр бар. Оған қазақстандық азамат жетекшілік етеді. Оның есімі — Марат Бейсенғалиев, — дейді Ақан сері атындағы облыстық филармонияның жетекшісі Ботагөз Ақмағамбетова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz