СҚО-ға 3 мың азамат қоныс аудармақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысына соңғы сегіз жылда 14 мыңнан астам адам қоныс аударған. Алайда көшіп келгендердің мыңнан астамы жаңа мекенге үйренісе алмай кері қайтқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО — тұрғындар саны аз өңірлердің қатарында. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдың 1 желтоқсанында халық саны 530,7 адам болған. Қаңтар-қараша аралығында 5151 нәресте дүниеге келсе, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 % төмен. Әр бесінші тұрғын — зейнеткер. Бұл мәселені шешудің бір жолы — ішкі көші-қон, халқы тығыз орналасқан өңір тұрғындарын солтүстікке көшіру. Биыл осы мақсатқа республикалық қазынадан 3,3 млрд теңге бөлініп отыр. Қоныстандыру «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асады.

— Бүгінгі күні өткен жылғы жоспар 100 % орындалды. 2023 жылы 2460 адам қоныс аударды. 265 адам қандас басқа мемлекеттерден көшіп келді. Оларға 1 млрд 200 млн астам теңге қаражат бөлінді.

Биыл жұмыс күші басым өңірлерден 2 702 адамды және 207 қандасты қарсы алуға дайынбыз. Оларды 176 елді мекенге орналастырамыз. Бұл ауылдарда көшіп келушілерге бар жағдай жасалған, яғни жұмыс күші керек, — дейді СҚО еңбек мобильдігі орталығының директоры Аман Төрегелдин.

2016 жылдан бастап облысқа еңбек күші артық өңірлерден 14 мыңнан астам адам көшіп келген. Қоныс аударушыларды материалдық жағынан қолдауға республикалық бюджеттен 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл бағдарлама аясында қоныс аударушыларға техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға жіберу, жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу сынды көмек түрлері қарастырылған. Яғни, көшуге материалдық көмек бір рет, отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде беріледі.

Сонымен қатар тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге қаржылай көмек ай сайын, отбасы құрамына байланысты жыл бойы 15-30 АЕК мөлшерінде төленеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz