Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыс жасауға әуес

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы кәмелеттік жасқа толмаған солтүстікқазақстандықтармен 50 қылмыс жасалды. Олардың басым бөлігі – ұрлық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ювеналды полиция басқармасының деректеріне сәйкес, былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен 21 ұрлық фактісі тіркелді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары бопсалады деген күдікке 6 жасөспірім ілінс, 5 бұзақылық, 2 тонау және басқа да заң бұзушылықтар анықталды.

Бір жыл ішінде облыс орталығы мен аудандардың ювеналды полиция бөлімшелері өзге полиция қызметтерінің қатысуымен 1078 рейд жүргізді. Екі рет «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шараларын, бір рет – «Мектеп» акциясын өткізді. Нәтижесінде ойын-сауық орындарының 32 иесі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз болуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдердің түнгі көшелерде серуендегені үшін 2577 ата-ана, тағы 237 адам кәмелетке толмаған балалардың ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды.

– Оқу орындарында ювеналды полицияның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері құқықтық тақырыпта 3 мыңға жуық кездесу ұйымдастырды. Жылдың ерекшелігі – бұл жұмысқа департамент басшылығы қатысты. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов, оның орынбасарлары, басқарма басшылары солтүстікқазақстандықтарға заңнама нормалары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді. Бұл полиция қызметіндегі алдын алудың шешуші маңыздылығын көрсетеді, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар педагогтармен және мектеп психологтарымен тығыз жұмыс істейді, тұрмысы қолайсыз отбасыларды тексереді. Бүгінде облыста кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 113 ата-ана мен 32 жасөспірім есепте тұр. Олармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz