Петропавлда жеңіл көліктің қозғалтқышынан өрт шықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы кездері облыста автокөліктегі өрт оқиғалары жиіледі. Жыл басталғалы өңірде 6 теміртұлпар отқа оранды. Өткен жылдың ішінде осындай 76 факті тіркелсе, оның ішінде 20-сы жүк көлігі. 54 жеңіл және 2 ауыл шаруашылығы техникасы өртке оранған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөліктерде орын алған төтенше жағдайлардың негізгі себебі – қозғалтқыштағы сымдардың қысқа тұйықталуы.

– Автокөлікте тіркелген өрт оқиғаларының соңғысы қаңтардың 17-сі күні Володаровский көшесі, 75 мекенжайы бойынша орын алды. «Toyota Camry» маркалы автомобильдегі қозғалтқыш отқа оранды. Мамандар қозғалтқыштан шыққан тілсіз жау 10 минуттың ішінде техниканы өртеп жіберуі мүмкін екенін ескертеді, — дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Мамандар өрт орын алған жағдайда көлікті жол жиегінде дереу тоқтатып, арнайы өрт сөндіру құралдарымен қызыл жалынды өшіру қажет екенін айтуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz