Шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермегендер не істеу керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелген автокөліктерін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға нұсқаулық ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылы қаңтарда қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрліктің ақпаратында айтылғандай 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік тіркелді. Оның 21 мыңы — автоконструктор. 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды.

— Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз, — дейді ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz