Көлік жүргізушілері «VIP» нөмірлерге 107 млн. теңгеден астам қаражат жұмсаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да көлік жүргізушілері «VIP» нөмірлерді сатып алуға 107 млн. теңгеден астам қаражатын жұмсады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, өткен жылы Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО «VIP» мемлекеттік нөмірлерді алуға 306 азаматтан сұраныс түсті.

– 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.
«VIP» нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады, — дейді ХҚКО баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, елімізде «VIP» нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

Өткен жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында облыс бойынша 87 мыңнан астам көлік тіркеліп, 126 мың жүргізуші куәлігі берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz