СҚО-да өнеркәсіп саласына 36,2 млрд. теңге инвестиция тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 647,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылға қарағанда 114,4 пайызды құрап, өңір республика бойынша 2-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, былтыр өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында 65,4 млрд. теңге инвестиция бағытталды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 18,5% жоғары.

– Сала бойынша инвестициялардың жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібіне 55,4%, немесе 36,2 млрд. теңге бағытталды, ол 2022 жылғы деңгейден 1,5 есе жоғары.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Петропавл қаласында асфальт өндіру зауыты, фанера, алюминий, қағаз бұйымдарын өндіру цехтары, Новоишимское ауылында – орталық қазандық, Петерфельд ауылында – асфальт өндіру цехы пайдалануға берілді.
Өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі үлесінің тұрақты өсуі байқалады. Егер ол 2019 жылы 74,2% құраса, онда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш 84,3%-ға дейін өсті. 545,7 млрд.теңгенің өнімі шығарылды.
Өңдеу өнеркәсібінің 38%-дан астамы электрондық және электр жабдықтарын, машиналарды, автомобильдерді, басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен орнатуды қамтитын машина жасауғы тиесілі, — дейді статистика департаментінің мамандары.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде машина жасауда 208 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылға қарағанда 155,9% құрады. Теміржол вагондарын шығару 21,2, мамандандырылған автомобильдерді 13, электр қозғалтқыштары мен трансформаторларды 2,8, сигнализациялық дыбыстық немесе жарық электр жабдықтарын 2,4, ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналарды 24,8%, мотоциклдерді 23,4% ұлғайтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz