Қаруды заңсыз сақтаудың 4 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері «Қару иесі» акциясын өткізуде. Оның аясында тәртіп сақшыларымен 1370 қару иесі тексерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Акция кезінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 11, қайта тіркеу мерзімінің 12 бұзу фактісі анықталды. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтаудың 4 фактісі белгілі болды.

Қызылжар ауданындағы 39 жастағы ауыл тұрғынынан гаражда тіркелмеген «ИЖ-18» тегіс ұңғылы мылтық және оған қосымша оқпан табылды, алынған қару сараптамаға жіберілді.

-Егде жастағы қару иелерімен учаскелік инспекторлар қауіпті заттардан бас тартуды ұсына отырып, қосымша профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Екі зейнеткер тиісті мәлімдемелер жазып, 12 калибрлі «ТОЗ-34» мылтықтарын өз еркімен полицияға тапсырды, — дейді  Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Рустам Садулов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz