Биыл облыстағы орта білім ошақтарының 3321 оқушысы мектеппен қош айтысады. Олардың 2 мыңнан астамы, яғни 73 пайызы қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, мектеп түлектері ҰБТ-ны Петропавлда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда Новоишим қазақ орта мектебінде тапсырады.
– Биыл қаңтар айында тестілеуден сәтті өткендер республиканың жоғары оқу орындарына ақылы түріне оқуға түсе алады. Ал егер түлек тегін формасында білім алғысы келсе, міндетті түрде жазғы уақытта өтетін ҰБТ-ға қатысуға тиіс, — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыста түлектер ҰБТ-ны қаңтардың 16-сы мен ақпанның 9-ы күндері аралығында тапсыра алады.