Өткен жылда облыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 47 қылмыс жасалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері колледж студенттерімен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында әңгімелесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Cолтүстікқазақстандық полицейлер қалалық Мәдениет үйінде Петропавлдағы колледждердің студенттерімен кездесті. Шараға сот-медициналық сарапшысы, Петропавл қалалық ПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі және кәсіподақ өкілі қатысты. Жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың мәні мен салдары туралы айтылды.

Полицейлер қазіргі уақытта тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеуді анықтау қағидатына көшкенін еске салды. Егер қысым жасау белгілері анық байқалса, бұдан былай жәбір көрген тараптың арыз жазуы қажет емес. Сондай-ақ жаңа заңнамаға сәйкес бір жыл ішінде осындай фактілер бойынша қайталап татуласу мүмкіндігі алынып тасталды.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларымен тек полиция ғана емес, Әйелдерді қолдау орталығы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталық және т.б. үкіметтік ұйымдар да айналысатыны жайлы айтылды. Өткен жылы облыста тұрмыс саласында 47 қылмыс жасалды. Отбасылардағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша 2508 қорғау нұсқамасы берілді. Құқықтық сауаттылықты арттырумен байланысты осындай кездесулер өткізу жастардың өзін-өзі қорғауына, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға көмектеседі, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz