Петропавл тұрғыны Facebook-те жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының әкімшілік мамандандырылған соты көрінеу жалған ақпарат таратқан Петропавл тұрғынының ісін қарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, осы жылдың 4 қаңтарында К. есімді адам Facebook әлеуметтік желісін пайдалана отырып, өзінің жеке парақшасында ішкі істер органдарының қайтыс болған бұрынғы қызметкері, қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткері Б-ның абыройына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратып, жазба қалдырады.

Тергеу барысында К-ның таратқан ақпараты негізсіз және дәлелсіз екені анықталды.

Б-ның атынан сотқа беруші К-ның жала жауып отырғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді, атап айтқанда СҚО полиция департаменті қауіпсіздік қызметі басқармасынан, СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен Б-ға қатысты К-ның атынан арыз-шағымның болмауына байланысты ешқандай қызметтік тергеу жүргізілмегендігі туралы анықтамаларды ұсынды.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігінің санкциясымен 80 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот қаулысымен К. 20 тәулікке қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz