Көпес моншасы психиатриялық диспансерге айналды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың Рижская көшесіндегі психикалық денсаулық орталығы бір кездері көпестің тапсырысымен салынған монша болған, деп ақпарат таратуда Qyzyljarnews.kz.

Қаладағы сауда ғимараттары арасында салыстырмалы түрде жас ғимарат 1912 жылы көпес Назаровтың бұйрығымен салынған. Ол монша ретінде бой көтерді. Ал 1917 жылдан кейін көптеген сауда орындары сияқты өкімет меншігіне өтті. Алайда, көпестерге тиесілі ғимараттардың көпшілігіне қарағанда мақсаты сақталып қалды.

1950-ші жылдарға дейін Рижская көшесі, 6 мекенжайындағы ғимарат қалалық қоғамдық монша болды.

— Кірпіштен салынған екі қабатты ғимарат. Негізгі вестибюльдің үстіне үшінші қабатты шағындап тұрғызған. Кейіннен қосылған ғимараттың шығыс қанатының соңғы қасбеті Рижская көшесіне қарайды. Қаланың тау баурайындағы бөлігіне қараған батыс қасбеті қатты қызықтырады.

Вестибюль интерьерінде қоғамдық ғимараттарға тән сәндік ашық қоршаулары бар кең баспалдақ тұр. Ғимарат — ХХ ғасырдың басына тән провинциялық көпес қаласының тарихи макетінің үлгісі. Қоғамдық-тұрмыстық мақсаттағы кірпіш ғимараттар жоспарлы кешенді дамытуда көрініс тауып, қаланың сәулет мұрасы болды, — делінген архив құжаттарында.

Петропавлдағы көпес Назаров қаладағы алғашқы кинотеатр ғимаратына да иелік еткен.

Бір ғажабы, ғасырлық тарихы бар бұл нысан әлі күнге дейін өзінің мақсатын сақтап қалды. Бірнеше жыл бұрын оған «Жаңа әлем» деген бастапқы атауы қайтарылды.

1910 жылғы мекенжай және анықтамалық сауда-өнеркәсіп кітапшасындағы мәліметтер бойынша көпес В.А.Назаров қалада жиһаздалған бөлмелерге де ие болды.

Рижская көшесі, 6 мекенжайындағы ғимараттардың тарихына оралсақ, ол 1961 жылдан бастап 200 төсек-орны бар облыстық психиатриялық аурухананың бас ғимаратына айналды.

Қазіргі кезде мұнда бірнеше корпустан тұратын психикалық денсаулық орталығы бар. Солардың бірі — екі қабатты кірпіштен салынған, тас порталы бар, сәндік элементтері жоқ ғимарат та көпес ғимараты болды. Оны ХІХ ғасырдың екінші жартысында көпес Казанцев салып, оны мейрамхана қылған.

Мемлекет меншігіне алынғаннан кейін ғимарат медициналық мекемелерге берілді.
Петропавлдағы бірінші гильдия көпесі Григорий Казанцев меценат ретінде де танымал болған. Қалада Казанцевтердің үйі де сақталған. Фантаст жазушы Александр Казанцев балалық шағын осы жерде өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz