Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті ойынын «Құлагер» өз мұз айдынында астаналық «Номад» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тартысқа толы ойында бірінші болып, «Номад» хоккейшілері есеп ашты. Матч басталысымен астаналықтар сапында Денис Недилько көзге түсті. Кейін қонақтар сапында тағы бір нәтижелі шайбаны Даниил Цыбин салды. Қарсы шабуылдардың бірінде құлагерлік Герман Грачев есеп айырмасын қысқартты.
Екінші кезеңде қонақтар тағы екі шайбаны қақпаға дәл дарыта алды. Тек ойынның үшінші бөлімінде құлагерліктер есеп айырмасын қысқартты. Бұл жолы жерлестерімізден Денис Черевач көзге түсті. Солтүстікқазақстандық қарымды шабуылдардың бірінде есепті 3:4-ке дейін жеткізді. Өкінішке қарай, кейін тек «Номад» ойыншылары дәл соққылармен көзге түсіп жатты. Осылайша, қорытынды 3:9 есебімен елордалықтар жеңіске жетті.