Павлодар қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының үшінші туры өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
«Баянтау» спорт кешенінде турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Қуаныш» (СҚО) пен «Айқаракөз» (Талдықорған) командалары алғашқы болып алаңға шықты.
Мұнда солтүстікқазақстандықтар қарсыластарын 3:0 (25:8, 25:21, 25:9) есебімен оңай ұтып, ұпай санын 35-ке жеткізді.
Дегенмен қалған командалар да «Қуанышты» алысқа ұзатқысы келмейтіні анық. Орталық кездесуде өскемендік «Берель» «Алматыны» 3:0 (29:27, 25:23, 25:21) есебімен тізе бүктіріп, 33 ұпаймен екінші орында келеді.