Жыл соңына дейін аудандарда дене шынықтыру-сауықтандыру кешендері тұрғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жалғасуда. Биыл Жамбыл ауданына қарасты Пресновка, Келлеровка және Петропавлда спорт сарайлары тұрғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, өткен жылы Явленка, Саумалкөл, Новоишимское ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілсе, Шал ақын, Ақжар және Тайынша аудандарында жабық хоккей корттары халық игілігіне тапсырылды. Биыл бұл жұмыс жалғасын таппақ.

– Аудандар мен қалада спорттық кешендерден бөлек, Айыртау ауданы – Саумалкөл, Жамбыл ауданы – Пресновка, Шал ақын ауданы – Сергеевкада жабық хоккей корттарының құрылысы аяқталады. Сондай-ақ Уәлиханов ауданының орталығында жүзу бассейіні қолданысқа беріледі. Петропавлда көптен күткен мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушілеріне жатақхана тұрғызылады. Ол 244 орынға шақталған, — дейді баспасөз қызметінде.

Петропавлда үстел теннисі орталығы мен мұз айдыны тұрғызу жоспарда бар. Әзірге бұл нысандардың қолданысқа берілу мерзімі белгісіз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz