Петропавлда жылу желісінде апат болып, бірнеше көпқабатты үй жылудан ажыратылды. Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те барып, жағдаймен танысты6 деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Жауапты кәсіпорын өкілдеріне жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде аяқтау туралы тапсырма бердім. Қазір «Петропавл жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жөндеу бригадасы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мамандар жөндеуді қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», — деді өңір басшысы.
Мамандардың айтуынша, жарылған жылу құбыры 1970-80 жылдары пайдалануға берілген. Жалпы Петропавл қаласы бойынша 230 километр жылу желісі бар, оның 72 пайызы ескірген. Былтыр 8 шақырым құбыр жөнделіпті.