Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орынға таласыпғ отандастарымыз жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аустрия мен Қазақстан арасындағы кездесу 6:5 есебімен аяқталып, ұлттық құрама ойыншылары үшінші орынды иеленді.
Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар.
Бұған дейінгі медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелді. Одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлдегер атанды.