Өз-өзін өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Тимирязев аудандық білім бөлімі басшысының пара алу фактісі бойынша күдікке ілінгені мен өз-өзіне қол салған балабақша қызметкеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, Тимирязев аудандық білім бөлімінің басшысы пара алу күдігіне ілініп, қамауға алынды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал оның қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жауап алуға мақсатында шақырылып, ведомство қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, балабақшада қызмет еткен Тимирязев ауданының тұрғыны тергеуге жан-жақты көмек көрсетті. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.

– Қазіргі уақытта полиция өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу дерегі бойынша сот алды тергеу амалдарын жүргізуде. Анық-қанығына полиция қызметкерлері көз жеткізетін болады, – дейді Арман Тілеукенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz