СҚО-да электр қозғалтқышпен жүретін 43 көлік бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде  электр қозғалтқышпен жүретін көліктердің саны 7,7 мыңға жетіп, бір жылдың ішінде 9,5 есе өскен. Қазіргі уақытта өңірдің 15-ші нөмірлік белгісі осындай 43 электромобильге тағылыпты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Облысқа алғашқы электромобиль 2022 жылы әкелініп, Tesla маркалы көлік тамыз айында тіркеуден өткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс жолдарында Toyota, Volkswagen, Honda, Tesla, Zeekr, Mercedes-Benz маркалы 43 көлік жүр. Оның 35-і былтыр есепке алыныпты.

— Ел аумағына электромобильдерді әкелу үшін жеңілдетілген тариф белгіленген. Қазақстан Республикасының азаматына кедендік баж және өзге де салықтарды төлеуден босатыла отырып, 1 электромобильді жеке пайдалануы үшін әкелуге рұқсат берілген. Яғни утилизациялық алым да төленбейді. Автокөлік иесіне көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін ғана қаржы жұмсайды. Әкелінген көліктің шығарылған мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда бұл сома 250 АЕК мөлшерінде болмақ, — дейді облыстық полиция департаменті процессингтік орталықтың бастығы Әсет Мәтен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz