Өзен эрозиясы су тасқынына әкеліп соқтыруы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречный кентіне қарасты  Есіл өзені жағалауын тексеріп, жағдайды айрықша бақылауға алуға тапсырма берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да айқын байқалады. Мұның өзі су тасқыны кезеңінде  алдын ала болжау жұмыстарын қиындатып, бірқатар проблемалар туындатады.

— Жауапты мемлекеттік органдарға жағалау сызығына кешенді зерттеу жүргізуді міндеттеймін. Су басу қаупі бар 87 елді мекен анықталып отыр. Қажет болған жағдайда жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізетін боламыз, – деді өңір басшысы.

Ғауез Торсанұлы өзендердің түбі мен арналарын тазалау керектігін де ескертті. Сонда өзендер ластанудан, бітелуден және сарқылудан сақталады, судың кедергісіз өтуіне әсер етеді..

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz