Ғалым Байтұқ — «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Енді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін Ғалым Байтұқ басқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Енді М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін жұртшылыққа блогер ретінде танылған Ғалым Байтұқ басқаратын болды. Ол  директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Ғалым Сембекұлы  1971 жылы  Петропавл қаласында туған. 1993 жылы Ушинский атындағы педагогикалық институтты (қазір СҚУ) бітірген.

Еңбек жолын осында оқытушылықтан бастап, кейін университет түлектері  ассоциациясының атқарушы директоры, облыстық  ақпарат және қоғамдық  келісім басқармасының бас маманы, «Іскерлік даму орталығы» кәсіпорнының директоры, «Мәслихаттар  депутаттары ассоциациясы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, төрағасы, Туризм және спорт министрлігі  департамент директорының орынбасары, «Аймақтық даму» қоғамдық қорының президенті болған.

Осы тағайындауға дейін  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Құрмет», «Парасат» ордендердің иегері. Бірнеше рет облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттығына сайланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz