Жол құрылысы жұмыстары кезеңінде 163 учаске тексеріліп, 190 олқылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ өкілдері жол құрылысы жүргізіліп жатқан 163 объектіні тексеріп, 190 олқылықты анықтып, мердігерлер 141-ін түзеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалының ақпаратында тексерілген жол құрылыс объектілерінен асфальт жамылғысының 1582 сынама материалы алынып, 597-сі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болмай шықты.

– Облыстық маңыздағы жолдарға келер болсақ, 12 құрылыс объектісі назарға алынды. Мамандарымыз материалдарды зертханалық сараптамадан өткізу мақсатында 333 сынама тексерді. Оның 121-і, яғни 85 пайызы нормативтік-техникалық нормаларға сәйкес келмейді. Мердігерлерге жіберілген қателіктерді түзету міндеті қойылды. Нәтижесінде 107 сынама бойынша олқылықтар түзетілді. Анықталған 79 қателіктің 77-сін түзеді, — деді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚОФ директоры Жолдыбай Тентеков.
Оның сөзінше, 2 дефектінің бірі «Еленовка – Арықбалық – Чистополье — Есіл» автомбиль жолындағы көпір құрылысы кезінде анықталды. Ондағы жолдың жамылғысында жарықтар бар.

– Аудандық маңыздағы жолдың құрылысы да назарда. 28 объектіден 304 сынама материал алынды. Оның 40 пайызы нормативтік-техникалық нормаларға сай болмай шықты, — деді Жолдыбай Тентеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz