«Ұлттық қор – балаларға» жобасының ақшасын баспана алу үшін қалай шешуге болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева «Ұлттық қор – балаларға» жобасының ақшасын баспана алу үшін қалай шешуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Бағдарламаға қатысушы бала кәмелетке толған соң ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол уәкілетті операторға өтініш береді. Ал БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған баланың банктік шотына АҚШ долларымен аударады. Уәкілетті оператор жинақтарды 18-ге толған Қазақстан азаматының тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алуына сол сәтте өзекті болатын валюта бағамы бойынша теңгемен аударады, — делінген жауапта.

Оның айтуынша, биыл 18-ге толатын балалардың шотына неше доллардан аударылатыны әлі белгісіз.

— Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша, 2024 жылдың басына Бағдарламаға қатысушы ретінде тіркелген балалар саны — шамамен 7 миллион. Ал, әр баланың шотына қаншалықты мөлшерде қаржы аударылатыны туралы мәселеге келсек, ол Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қорда есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасына қатысты Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептеледі. Нысаналы талаптардың (18 жасқа дейінгі балалар үшін) және нысаналы жинақтардың (18 жасқа 2024 жылы толатын балалар үшін) есептелген сомалары туралы мәліметтер барлық есептеу мен тексеру рәсімдері аяқталғаннан кейін, 2024 жылғы ақпан айында қолжетімді болады. Оларды БЖЗҚ және eGOV ресми сайттарынан дербес (баланың деректері бойынша) көре аласыздар, — дейді Сәуле Егеубаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz