Шайбалы хоккейден жоғары лига командаларының ойындары жалғасуда. Жергілікті «Құлагер» клубы сырт мұз айдынында өзбекстандық «Хумодан» ұтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құлагер» клубы өзбекстандық «Хума» командасына бірде-бір нәтижелі соққыны дарыта алмады. Керісінше қарсыластар жерлестеріміздің қақпасына жауапсыз үш шайба салды. Нәтижесінде Вадим Щегольков, Иван Фищенко мен Егор Дорофеев өз командасына жеңіс әкелді. Қорытынды есеп 3:0.
«Құлагер» клубы келесі ойынын Петропавлдағы Спорт сарайында «Ақтөбе» командасына қарсы өткізеді. Кездесу қаңтардың 30-ы күні сағат 19*00-де басталады.