Астанада қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогы сарапқа салынды

Авторы: Qyzyljar News

Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына 15 командадан құралған 160-қа жуық спортшы қатысты. Аталған додаға теріскейлік спортшылар қатысып 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубының командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орын Ішкі істер министрлігінің спортшыларына бұйырса, үшінші орынға Қорғаныс министрлігінің екінші командасының спортшылары тұрақтады. Солтүстік Қазақстанның атынан Мадияр Жұмағұлов (62 килограмм) пен Ырысбек Байдулаев (67 килограмм) қатысып қола жүлдеге ие болды. Спортшылар жауынгерлік өнер қауымдастығының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ға, серіктестер – «Sport Qory» мен «KazMinerals»-қа алғыстарын білдіреді.

Қазақстанның Қарулы күштерінде қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығы бағдарламасының маңызды бөлігі екенін айта кету керек. Оны әскерлерде және өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға қорғаныс ведомствосының басшылығы тарапынан да жіті назар аударылып отыр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz